Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сенсациялық жеңіс!” Сүйінші: Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын қапы қалдырды (ВИДЕО)

“Сенсациялық жеңіс!” Сүйінші: Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын қапы қалдырды (ВИДЕО)
 Қазақстандық спортшы Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта өтіп жатқан Исламдық ынтымақтастық ойындарының жартылай финалында сенсациялық жеңіске жетті, леп хабарлайды Alash.kz.

Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Ризабек ширек финалда Азербайжан атынан өнер көрсеткен 2024 жылғы Олимпиада қола жүлдегері Магомедхан Магомедовты жеңді.

Күтпеген жерден жартылай финалда ол Бахрейн атынан жарысқа шыққан олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен жеңіп, көрермендерді таң қалдырды.

Сәйкесінше, Ризабек алтын медаль үшін финалға жолдама алды. 

 
If the embed doesn't appear, open on Instagram.
If th embed doesn't appear, open on Instagram. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 2
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар