Танымал таэквондошы, марқұм Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арнап әсерлі бейнежазба бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Видеобейнеде Неслихан әкесінің жүріп өткен тарихи іздерімен жүріп, оған деген сағынышын жеткізді.
«Бәлкім сенің қолыңды сол бір толқын аялаған болар, бәлкім сенің жүзіңді сол бір жел сипаған болар. Мен сенің аяқ басқан жерлеріңе бардым, сол жерлерде саған жақын болармын деп сені іздедім... Бірақ соңында сені таппадым, әке. Мен өзімді сен арқылы таптым. Сен мені тамырыммен қайта табыстырдың, әке», – деді ол.
Танымал тұлғаның қызы бұл сапары арқылы тек әкесінің рухына тағзым етіп қоймай, өз тегі мен тамырын қайта танып-білгенін ашық білдірді.