Өскемен тұрғыны селфи жасамақшы болып, ақырында Үлбі өзеніндегі көпірден суға құлап кетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Оқиға туралы полиция мен құтқарушыларға дүйсенбіде сағат 22:30 шамасында хабарланған.
"Алайда арнайы қызмет келгенге дейін қала тұрғыны жағалауға өз бетімен шыққан", - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлерге тапсырылған.