Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сегіз жігіт кезек-кезек зорлаған»: 15 жасар қыздың басынан өткен оқиға туралы сұмдық дерек анықталды

20:30, 09 сәуір 2026

Алматы облысына қарасты ауылдардың бірінде 9-сынып оқушысына қатысты жасалған ауыр қылмыс туралы ақпарат тарады, деп жазады Alash.kz  Ulysmedia порталына сілтеме жасап.
Жәбірленушінің заңды өкілдері мен туыстарының мәлімдеуінше, сегіз жігіт екі ай бойы жасөспірімді кезекпе-кезек зорлап келген. Қазіргі таңда қыздың жақындары тергеу амалдарының тым баяу жүріп жатқанына және күдіктілердің әлі де бостандықта жүргеніне наразылық білдіріп отыр.

Оқиғаның мән-жайы биылғы жылдың қаңтар айында басталған. Заңгерлердің дерегінше, алғашқы қылмысқа 25 жастағы ауылдас жігіт барған. Ол Назеркені (есімі өзгертілген) әлеуметтік желі арқылы тауып, кейін қоқан-лоқы көрсету арқылы түнде үйінен шығарып алып, ауыл сыртында еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Осыдан кейін жәбірленушінің байланыс нөмірі өзге де адамдардың арасында тарап, қызға жасалған қысым жүйелі сипат алған.

Жетім қалған қарындасын өз қамқорлығына алған Мұхтар Мәлібек бұл сұмдық жағдайды наурыз айының ортасында ғана білген. Мектеп әкімшілігі бұл ақпаратты бірнеше күн бойы жасырып келген көрінеді. Үйіне келгеннен кейін ғана қарындасы болған жағдайды егжей-тегжейлі айтып беріп, сегіз адамның есімін атаған.

Мұхтар Мәлібек қарындасымен болған сол ауыр сәт туралы былай деді:

 «[Директор] кабинетінде осындай-осындай жағдай болды дейді. Мен «Алдын күннен бері не қарап отырсыздар? Маған айтпайсыздар ма?» десем, «Біз толыққанды білмеймін, өтірік айтып отыр ма, шын айтып отыр ма» дейді... Сомен жаңағы жерде қызды шақыруды сұраймын. Сабақтан босатуын. Қыз директордың алдында үндемейді. Сосын үйге алып кетемін. Үйде «Назерке, не жағдай болды?» деп сұраймын... Қыз өкіріп жылайды, осындай-осындай жағдай болды деп: «Мен сізге айта алмаймын, қалай айтамын» дейді. «Қанша, кіммен?» деп түсінбеймін. Мен шок болдым. Сөйтсем, сегіз баланың атын тіркеп береді».

Бұл іске қатысты құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын бастағанымен, жәбірленуші тарап нәтиженің жоқтығына алаңдаулы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар