Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: пробация қызметкеріне сот шешімі шықты

10:39, 13 ақпан 2024 286



Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі болған пробация қызметкеріне сот шешім шығарды. Сот шешімі бойынша қызметкер 2 жылға бас бостандығынан айырылды

«Ісіне салғырттық танытты» деп күдікке ілінген пробация қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды азаптап өлтірді деп өмір бойына сотталған Гаийбназаров бас бостандығынан шектелген кезде пробация қызметкерінің қарауында болған. Сот шешімімен сезікті 2 жылға бас бостандығынан айырылды. «ҚР ҚК 371 бабы 2 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Күдікті 2 жылға бас бостандығынан айырылсын», - деп үкім шығарды Сарыағаш аудандық сотының судьясы Жасұлан Орынбаев.

Сонымен қатар, сотталушы 2 жыл құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде Сырығаш ауданы Жібек жолы ауылында 5 жасар қыздың өлімі бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар