Қазақстанда сән-салтанат салығына балама ойлап табылды. Мән-жайын вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ.
"Кейбір нысандарға жеке, көтерме салық салынады. Мысалы қымбат алкогольге. Бізде бір бөтелкесі 5 миллион теңгеден асатын коньяк әкелініп жатады. Ал салынатын салық - бір бөтелкеге шамамен 470 теңге. Енді оған тауар құнының 10 пайызын қостық, яғни қосымша акциз болады. Егер көліктің құны 100 мың доллардан асса, елге әкелу кезінде кедендік құнның 10 пайызы мөлшерінде қосымша салық салынады", - деді Әмрин Сенат дәлізінде.
Бүгін журналистер Серік Жұманғариннен неліктен Қазақстанда бұған дейін жоспарланған сән-салтанат салығы енгізілмейтінін сұрады.
"Ол үшін сән-салтанат деген не екенін дұрыстап анықтау керек. Барлық жылжымайтын мүлкіңнің жалпы сомасы 450 миллионнан асса, қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион болады, сонымен қатар, құнынан асырғаны үшін тағы 2 пайыз бар. Көлігіңіз 75 миллионнан қымбат болса, қымбат алкогольге, қымбат темекіге жоғары мөлшерлеме төлейсіз. Сіздің ойыңызша, тағы не сән-салтанатқа жатады? Тіпті білмеймін", - деді Серік Жұманғарин Ақорда дәлізінде.