Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Салтанатты түрде табыс етілді»: Димаш Құдайбергенге қатысты қуанышты хабар тарады (ФОТО)

17:44, 03 қыркүйек 2026

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Қазақстан мен шет елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлес қосып келеді. «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» кітабының 60 данасы Алматыдан Мехикоға жеткізіліп, қазақстандық әртістің жергілікті Dears жанкүйерлер қауымдастығына берілді. Салтанатты шара Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Кездесуге Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков, дипломатиялық өкілдік қызметкерлері және мексикалық фан-клуб мүшелері қатысты. Іс-шара әншінің қараша айында өтетін гастрольдік сапары қарсаңында ұйымдастырылды. Димаш Құдайберген Мехико, Мерида, Монтеррей және Гвадалахара қалаларында өнер көрсетеді деп жоспарланған. Ауқымды концерттерге Латын Америкасының өзге де елдерінен тыңдармандар жиналады деп күтілуде.

Осы оқиғаға орай Қазақстан Елшілігі әнші өнер көрсететін төрт қалада еліміздің мәдениеті мен заманауи тыныс-тіршілігіне арналған фотокөрмелер ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл бастаманы жергілікті жанкүйерлер де толық қолдады.

Сонымен қатар дипломатиялық өкілдік басшылығы мексикалық Dears мүшелерін Қазақстандағы соңғы оң өзгерістермен таныстырып, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар