Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салафизм жақтаушысы бұрынғы әйеліне қалай қорлаған?

05:44, 06 ақпан 2023 295
Екібастұз қаласының тұрғыны сауда орталығында бұрынғы әйелін қорлаған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 қаңтарда Екібастұз қаласының тәртіп сақшыларына әйел адам көмекке жүгінген.

Полиция 22 қаңтарда 47 жастағы ер адамның бұрынғы зайыбына барып, жанжал шығарғанын анықтап, қорғау ұйғарымын шығарған болатын. Алайда 29 қаңтарда ол сауда үйлерінің бірінде әйелге нәжісін жағып, үстіне жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан. Осылайша, ол қорғау ұйғарымын бұзған.


Бұған қоса, ер адамның деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы екендігі анықталды.

Ұсақ бұзақылық және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 461-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар