Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәлаф азаматтар мені бір-біріне зат қып сыйлап, әр некеден балалы болдым - Шымкенттік келіншек

08:39, 14 маусым 2024 7426

Қара түсті хиджаб киген қыз әлеуметтік желіде өзінің қор болғанын жеткізді,деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өзінің және бала-шағасының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырған келіншектің кім екені белгісіз. Тек ол сөзінің Шымкент қаласының тұрғыны екенін айтты. 

“Мен өз сөзімді өзін сәләфпын (“cалафизмді ұстанатындар” ред.) деп жүрген қыз-келіншектер мен Дилмурад ахиға арнаймын,”- деп бастады ол сөзін.

Ол сәлаф азаматқа тұрмысқа шыққаннан кейін оның айтуымен Ділмұрадтың уағыздарын тыңдап келген.Уағызшыны ұстаз санайтын еркекке тұрмысқа шыққан. Бірақ аз уақыттан соң күйеуі оны басқа біреуге сый ретінде беріп жіберген.

“Осылай екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне сыйлап жібере берді. Сол арада әр тұрмыста балалы болып отырдым,”- дейді әйел.

Өзінің қателескен кейін ұқққан әйел осының бәріне уағызшы Ділмұрадты, оның айтқан уағыздары мен лекцияларын кінәлады.

Ділмұрат Махаматов – салафизмді  насихаттаған уағызшылардың бірі. 2019 жылы 8 жылға сотталған. ҚМДБ оның уағыздарын тыңдауға тыйым салған. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар