Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі ел күтпеген нәтижемен аяқталды

20:04, 26 қазан 2025 438

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіби рингтегі екінші кездесуін өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен бокс кешінде жергілікті спортшы Адилет Качкынбековпен күш сынасты. Айта кетейік, бұл қырғыз боксшысы үшін кәсіби аренаның алғашқы тәжірибесі болды.

Кездесу алты раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (60–53, 60–53, 58–55) Сәкен Бибосынов жеңіске жетті. Осылайша ол кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жекте де жеңіс жолын жалғастырды, ал қарсыласы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Айта кетсек, Сәкен Бибосыновтың дебюттік жекпе-жегі де осы Бішкек қаласында өткен болатын. Биыл 20 шілдеде ол филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутпен жеңіп, кәсіби рингке жарқын қадам басқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар