Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласы»: Бекболат Тілеухан «Түркия азаматтығына өтініш берді» деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

05:05, 10 тамыз 2022 276


Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді деген ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. Тілеухан мырзаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бұл кейбір сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласы. Сонымен қатар ол өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін жеткізді.

«Бұл мәлімдемеге себеп болып отырған дүние – көптеген бауырларымның жазып жатқан посттары. Ақылға сыймайтын нәрсе ғой, ел нанбайтын шығар деп ойлаған едім. Сөйтсем, кәдімгідей ел иланып жатыр. «Басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті» дегенге ел иланып, кәдімгідей нанып жатыр. Ақылға сыймайтын, қисынға томпақ келетін нәрсеге нанып жатыр.

Менің аңғал, батыр, нанғыш, мен үшін аяулы болған кейбір бауырларымның өздері нанып, шашып пост жазғанын көрген кезде бүйтіп мәлімдеме жасамаса болмайтынына көзім жетіп айтып отырмын.

Қадірлі, бауырларым! Мен ешбір бөтен елдің азаматтығына өтініш берген жоқпын! Алла куә!

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Қазақстанның көк паспортынан айырылатын ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласы бұл! Нанбаңыздар!

"Ұлысмедианы" сотқа берем! Сотта кездесеміз аманшылық болса!

Ешқашан өтірікке сенбеңіздер!», - деп атап өткен ол өзінің аудиожазба жазбасында.

Бұған дейін экс-депутат Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені туралы ақпарат тараған болады. Одан бөлек, экс-депутаттың Ыстанбұлдың орталығынан алты бөлмелі пәтер сатып алғаны айтылған.

 

 

 


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар