Кез келген ниет білдіруші сайлау процесіне белсенді қатыса алады. Олардың басты міндеті – учаскелердегі тәртіпті қадағалау, сонымен қатар, кезектен тыс президенттік сайлауда сайлау процесінің толық заңдылығын қамтамасыз ету.
Мегаполисте 600-ге жуық сайлау учаскесі орналасқан. Сайлау күні онда мыңдаған азаматтар келіп, ел Президенті лауазымына лайықты кандидатқа дауыс береді. Дауыс беру процесінің әділеттілігін, ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз сарапшыдан болады.