Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Саясатқа араласқанын қаламаймын”. Елдос Сметовтің бапкері шәкірті жайлы айтты (ВИДЕО)

17:38, 30 қыркүйек 2025 30

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің мансабына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Мен өзім саясатқа араласпағанды жөн көремін. Тек спорт саласында жүрсе екен деймін. Әрине, саясатқа араласатын саясаткер бар. Ал спортта әрнәрсенің өз уақыты келеді. Қазір өте көп елді аралап, жұртпен араласып, ақ-қараны ажырататын жасқа келді. Еліміз үшін, жеріміз үшін, жастарымыз бен спорт үшін бүкіл жақсы дүниені үйреніп, кейін федерацияны басқаратын шығар. Мүмкін, спорт саласын басқаратын шығар. Сол салада көргім келеді», – деді ол Sport+Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар