Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Саған көп сұрақ қоймайды, сөйлесіп қойғанмын" - Шерзат сотында судья әлеуметтік желіде тараған аудиожазбаға тексеріс болатынын айтты (ВИДЕО)

18:37, 22 мамыр 2025 391

Шерзаттың өліміне қатысты сотта рас-өтірігі белгісіз аудиожазбаға тексеріс жүргізіледі, деп жазады Alash.KZ.

Судья Ержан Жанұзақов белгісіз біреулердің «сөйлесіп қойғанмын» деген аудиожазбасына байланысты жеке қаулы шығарды.

«Кеше әлеуметтік желілерде сот процесіне қатысы бар белгісіз адамдардың арасында болған екіұшты сипаттағы әңгімесін қамтитын бейнежазба таратылды. Осыған байланысты сот жекеше қаулы шығаруды қажет деп тапты. Прокурор бейнежазбаның шынайылығын, олардың кім екенін, әңгіме мазмұнын анықтап, заңға сәкес тиісті шара қабылдауы тиіс. 

Сонымен қатар, ҚР Конституциясына сәйкес, іске қатысты шешімді тек сот қабылдайды. Кез келген жорамал мен алып-қашпа сөзге жол берілмейді», – деді судья.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар