Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ринат Заитов Өнеркәсіп министрлігінің өтірік есебін сынап, көк тазиктен басқа ештеңе шығармағанын айтты

18:22, 01 мамыр 2024 923

Қаақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атқарып отырған жұмысы мен өтірік есебіне қайшы пікір білдірді. Көк тазиктер басқа ештеңе өндірмейтін Отандық өнеркәсіпті сынға алды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Біздің Өнеркәсіп министрлігі көк тазиктен басқа не шығарды? Ештеңе шығарған жоқ қой. Керсінше, қаншама аудандарда өздері жасаған өнімін өткізе алмай отырған, ауқымын кеңейте алмай отырған жеке кәсіпкерлер де бар, кішігірім кәсіпорындар да бар. Олар жайлы мұнда бір ауыз сөз айтылмайды. Қазір баяғыда ақшасы жоғалып кеткен кәсіпорындардың өтірік есебі беріліп жатыр, - деді депутат. 

Орайы келгенде айта кетейік, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін қазір Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы басқарып отыр. Бүгін министрлікті "намыссыз" атап сынаған депутат Дайрабаев жайлы да жазғанбыз. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар