Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рұқсат жоқ: Ақтауда зорларған жаттықтырушы қыздың ісі туралы тың ақпарат шықты

10:29, 28 қаңтар 2025 739

Фитнес-бапкердің ісі бойынша сот залына Алинаның ата-анасын кіргізбей қойған, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтаулық фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың ісі бойынша сот процесі жабық өтіп жатыр. Сот залына Алинаның ата-анасын да кіргізбей қойған.

Соттың мәліметінше, сот залында Алина Серікованың ағасы Бауыржан Жолжан ғана отыр. Жәбірленуші тараптың өкілдері бес айыпталушының жеті адвокаты барын айтады. Сонымен қатар, сот залында екі айыпталушының анасы мен әйелдері отыр. Алайда, жақын туыстары сот залына кіргізілмеген.  

- Жәбірленушінің ағасы өкіл ретінде қатысып отыр, сонымен қатар әрбір сотталушының басқа туыстары да қатысуға рұқсат етілмейді. Бөтен адамдар жоқ. Тергеу органдары тек қорғаушыларды ғана кіргізді, дейді соттың баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар