Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет адам емдеді. Құрылғы жұмысты сегіз есе жылдам, өнімді орындауымен ерекшеленді. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы агенттігі New Atlas порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасанды зердесі бар тіс дәрігерінің бірінші міндеті - тісті коронкаға дайындау. Мұны робот сәтті еңсерді. Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.