Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ризамын... Апелляциялық шағым түсірмейміз...": Жанәбіловтердің адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады

19:44, 27 сәуір 2026

Танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова өздеріне қатысты шыққан сот шешімімен келісіп, жоғарғы сатыдағы сотқа жүгінбеуді ұйғарды. Бұл туралы сот процесі аяқталған соң адвокаттар тарапы мәлімдеді, деп жазады Alash.kz..

Сонымен қатар, сотталғандардың мемлекетке қайтарған қаражаты мен тәркіленген мүліктерінің тізімі де жария етілді. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне ену қарсаңында тұр.

Блогерлердің қорғаушысы Гаухар Айтжанова сот шешіміне қатысты пікір білдіріп: "Мен қорғауымдағы азаматтардың бостандықта қалғанына ризамын", - деп мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Эльмира Төлегеноваға қатысты жазаның кейінге қалдырылуы - сотталған азаматқа берілген мүмкіндік. Егер ол екі жылдық шегеру мерзімінде заң талаптарын бұзбай, өзін жақсы жағынан көрсетсе, нақты түрме жазасынан құтылуы немесе амнистияға ілігуі мүмкін.

Сот үкімі бойынша Жанәбіловтердің жеке мүлкіне қатысты да шешім қабылданды. Бұған дейін ұтыс ойындарына тігілген 8 Hyundai Elantra автокөлігі мен 17 ұялы телефон мемлекет меншігіне тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушылар 247 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды толық өтеген. Дегенмен, блогерлердің Lamborghini Urus және Lexus LX600 маркалы қымбат көліктері өз иелігінде қалды.

Бұл іс бойынша апелляциялық шағым түсірудің жоспарланбауы сотталушылардың өз кінәсін мойындап, тағайындалған жазамен келісетінін көрсетеді. Процесс барысында тараптардың уәждері толық тыңдалып, сот орындалуы мүмкін ең оңтайлы шешімді қабылдаған. Ендігі кезекте сотталғандар пробациялық бақылау талаптарын орындауға міндетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар