Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рыбакина отандасын жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына жол ашты

01 мамыр 2024 207

Рыбакина отандасын жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Қазақстандық теннисшілер бір-біріне қарсы матч өткізді.
 
Қазақстанның бірінші, екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінде ойнап, өзара бақ сынасты. Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6(4), 7:5 есебімен шаң қаптырды. 

3 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Елена Рыбакина алты эйс пен сегіз қос қателік жасады. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. Ал Юлия Путинцева екі қос қателік жіберіп, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина жартылай финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенко мен ресейлік 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен кездеседі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?