Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің Қорған облысында арынды ағыс екі көпірді қатарынан шайып кетті

14 сәуір 2024 156

Ресейдің Қорған облысында су тасқыны салдарынан Тобыл өзеніндегі екі көпірді су ағызып әкетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бұл туралы аймақтың губернаторы Вадим Шумков хабарлады.

Көпірлердің бірін Темляково ауылының маңында су шайған. Арынды ағыс оны Қорғанға ағызып апаратыны хабарланды. 

Лаптева ауылындағы екінші көпір де қарғын судың күшіне төтеп бере алмады. Бекіткіштер оны жағадан тіреп, қос қапталын ұстын негізінде ағысқа түсіріп жібермей тұр. Қазір мамандар көпірдің қос тарапынан қосымша құралдар арқылы бекітуге күш салып жатыр. Себебі бұл құрылыстың екі өзеннің арғы жағы мен біргі жағын жалғаған жалғыз көпір екені айтылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?