Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің Қорған маңындағы Тобыл өзенінің су деңгейі 977 см-ге дейін көтерілген

18:33, 18 сәуір 2024 377

Бүгін Ресейдің Қорған маңындағы Тобыл өзеніндегі су деңгейі 977 сантиметрге дейін көтерілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Таңертеңнен бері 7 сантиметрге дейін су көтерілген. 

Бірнеше елді-мекенде су он метрден, кейбірінде 11 метрден асқан. Билік тұрғындарды су басқан аймақтардан дереу эвакуациялануға шақыруда. Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аймақта бес мыңнан астам үй, 5көпір мен 8 жол учаскесін су басқан.

Қорған облысы бойынша "Роспотребнадзор" департаменті облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар