Ресейдің Орынбор облысында эвакуацияланғандар саны 7,7 мың адамға дейін артты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Орынбор облысындағы 7703 адам, оның ішінде 1707 бала эвакуацияланды.
Ақпарат арналарының хабарлауынша, соңғы тәулікте облыстың 14 елді мекенінде судың төмендеуі байқалды. Су тасқынының қауіпті деңгейі Ор қаласында сақталып отыр, қаладағы 6793 тұрғын үй су астында қалған.
Орынбор облысының губернаторы Денис Паслердің айтуынша, су тасқыны аймақтың шығысынан қалаға қарай ағып, ауқымданып келеді.
Еске сала кетейік, Орынбордан өтетін Жайық өзеніндегі су деңгейі бір түнде жарты метрге көтеріліп, 978 сантиметрден асты.