Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей агрессиясына қарсы. Лондон G7 кездесуінде Украинаға 300 миллион еуро бөлетінін хабарлады

15:17, 13 маусым 2024 445

G7 кездесуі барысында Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак Украинаға шұғыл қажеттіліктері үшін 242 миллион фунт көлемінде көмек пакетін бөлмек, деп Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак алдағы Италияда өтетін "Үлкен жетілік" саммитінде Киевтің "шұғыл гуманитарлық, энергетикалық және тұрақтандыру қажеттіліктерін" қолдау үшін Украинаға 242 миллион фунт (шамамен 286 миллион еуро) бөлетінін хабарлайды. Бұл туралы сәрсенбі, 12 маусымда оның кеңсесі мәлімдеді.

"Бұл қаржыландыру Ұлыбританияның Украинамен тұрақты халықаралық ынтымақтастығын және ресейлік агрессиядан туындаған шұғыл қажеттіліктерге жауап берудегі икемділігімізді көрсетеді", - делінген Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтында. Сонымен қатар, ол Ресей Федерациясының еселенген атыстарынан зардап шеккен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын қолдаудың, нығайтудың маңыздылығын атап көрсетеді.

Сунактың кеңсесі G7 саммитіндегі басты міндеттерді санамалап айтып, серіктестермен "Украинаны қолдау үшін Ресейдің тоқтатылған активтерін қалай пайдалану керектігі туралы келіссөздер жүргізу" мәселесі талқыланатынын айтты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар