Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің соғыс бастауына НАТО мен АҚШ-тың еш қатысы жоқ – Путин

11:10, 09 ақпан 2024 290
Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында "Украинец" деген сөз шетте тұратындар деген мағынаны білдіретінін айтты. Яғни бұл белгілі бір ұлттың барын білдірмейтінін, тек адамдардың шекаралық қызметте істейтінін білдіретінін айтты.

Америкалық журналист сұхбатты өз елі үшін, АҚШ-қа маңызды сұрақтан бастады. "Ресей Украинаға соғысты АҚШ пен НАТО шабуылынан қорғану үшін бастады ма?" деген сұрақ қойды.
"Мәселе Американың шабуылдау мүмкіндігінде емес. Мен олай ешқашан айтқан емеспін. Қандай форматта сөйлесеміз? Қазір ток-шоу жүріп жатыр ма? Әлде біз байыпты әңгіме жүргіземіз бе?" — деп жауап берді Путин.

Путин Ресей тарапынан соғыстың басталуына тарихи алғышарттардың болғанын айтып, тарихқа көз жүгіртіп, "украина" ұлтының болмағанын, сонау 862 жылдан бастап құрылған Ресейдің құрамында болғанын алға тартты.
"Украинец" деген сөздің өзі шетте тұратындар дегенді білдіреді, яғни бұл белгілі бір ұлттың барын білдірмейді, тек адамдардың шекаралық қызметте істейтінін меңзейді. Оларға мұндай атауды поляктар поляктандыру саясатын жүргізген кезде олардың орыс екенін ұмыттыру үшін берген", — деді В. Путин.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар