Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей депутаты сес көрсете бастады

06:56, 20 маусым 2022 207
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин Донецк және Луганск халық Республикалары туралы ойын білдірген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сынға алды.

Бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен бірге журналистер сұрақтарына жауап беріп, ДХР мен ЛХР-ді квазимемлекеттік құрылымдар қатарына қосты. Сондай-ақ, Қазақстан оларды мемлекет ретінде мойындамайтынын айтты.

Константин Затулин «Говорит Москва» радиосында Тоқаевтың бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

 
– Біз барлық жерде, оның ішінде Украинаға қатысты арамызда достық, ынтымақтастық және серіктестік болса, ешқандай аумақтық мәселелер көтерілмейтінін айтамыз. Егер бұлай болмаса, онда бәрі мүмкін. Украинадағы секілді, – деді депутат.

«Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак Константин Затулинді Қазақстан президентінің мәлімдемесіне қатысты пікірі үшін қатаң сынға алды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар