Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейге Қазақстаннан 174 оқушыны лагерьге жібергендер нағыз қаскөйлер! - Гүлмира Әбіқай

14:58, 29 қазан 2024 1268

Журналист Гүлмира Әбіқай Құлсары қаласынан 174 оқушыны Ресей лагеріне жібергендерді қатаң сынға алды.

 
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
 
”Көктемгі су тасқынан зардап шеккен өңір Атырау облысының Құлсары қаласынан аттай 174 оқушы (18 мұғалім) Ресей лагеріне жіберілген.
Неге Ресейге? Соғысып жатқан қауіпті мемлекетке осынша баланы жіберу кімге қажет болды? Қоңыз емес аспаннан дрон атқылап жатқан елге қара суықта балаларды аттандырған кім?
Бүкіл әлем бас тартып жатқан соғысқұмар көршіге 174 оқушыны аттандырған нағыз қаскөй деп білемін!

Құдай-ау, өзімізде шипажай құрып қалды ма? Бурабайдағы лагерь қандай тамаша, Түлкібастағы демалыс орны да ғанибет, Алматының тау етегінде қаншама балаларға арналған демалыс орындары бар. Жоқ, жаздан бері тізім құрылып, тура қар жауғанда Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Железноводскке жібергендей-ақ”, — деп жазды журналист.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар