Путин корей әскерилеріне алғыс айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ресей президенті КХДР сарбаздарының ерлігін және жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, “Ресей халқы корей арнайы жасақ жауынгерлерінің ерлігін ешқашан ұмытпайды және Ресей үшін жанын қиған корей батырларын әрдайым құрметтейді” деп мәлімдеді.
“Корей достарымыз ынтымақтастық, әділеттілік және шынайы жолдастық сезімімен әрекет етті. Біз мұны жоғары бағалаймыз және Мемлекеттік істер комитетінің төрағасы жолдас Ким Чен Ынға, сондай-ақ КХДР басшылығы мен халқына шынайы ризашылығымызды білдіреміз”.