Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресей билігінің нысандары қарауылға ілінеді" - Зеленский

19:51, 25 қыркүйек 2025 375

Украина президенті Владимир Зеленский америкалық Axios агенттігіне берген сұхбатына Ресей соғысты аяқтамаса Кремльдегі шенеуніктер жақын маңдағы бомбапана қайда екенін білгені жөн деп мәлімдеді, дейді Alash.KZ. 

"Олар бомбапана қайда екенін білуі керек. Себебі олар соғысты тоқтатпаса, бомбапана керек болады. Біз ылғи да жауап беретінімізді олар білуі тиіс" деді Зеленский.

Украина басшысының сөзінше, ол осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескенде Киев Ресейдің соққыларына "бірге-бір" принципімен жауап беру мәселесін көтерген. Зеленский "Трамп Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымдарына және әскери зауыттарына шабуыл жасауды қолдайды" деді.

Бұған қоса, Зеленский Украина бейбіт тұрғындарды бомбаламайды, себебі "біз террорист емеспіз" дейді. Бірақ Кремль сияқты Ресей билігінің нысандары нысанаға алынуы мүмкін екенін меңзеді.

Бұған қоса Украина президенті сұхбатында "мақсатым – соғысты тоқтату, егер бұл мақсатқа жетсем елде сайлау өтеді" деді. Зеленский сайлауға түспейтінін де айтты.

Владимир Зеленскийдің президенттік мерзімі 2024 жылы аяқталған еді, бірақ соғыс жағдайында Украинада сайлау өткізілмейді. Бұл заңмен бекітілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Алматыға келді

10:27, 25 қыркүйек 2025 144