Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей артиллерия снарядтарының тең жартысын Солтүстік Кореядан алды - Британияның Times газеті

21:40, 07 қазан 2024 111

Ресей соғыста пайдаланып жатқан артиллерия снарядтарының тең жартысын Солтүстік Кореядан алды, деп жазды Alash.KZ Британияның Times газетінің деректеріне сүйеніп.

Басылымның жазуынша, Ресей әскері биыл қолданған 3 миллион снарядтың 1,5 миллионы - Солтүстік Кореяның қаруы. Times Ресей осы қаруларды пайдаланып Донбасстағы Угледар қаласын алды дейді. 

Журналистер Ресей президенті Владимир Путин жыл басында Пхеньянға сапары кезінде Солтүстік Кореядан қару алу туралы келісімге келді деп топшылайды.

Украинаның "Киев пост" журналы майданда Ресей жағында Солтүстік Кореяның офицерлері соғысып жүр деп жазды. Журналистердің дерегінше, олардың алтауы Донбасстағы шайқаста 3 қазанда қаза тауып, үшеуі жараланған.

Былтыр Украинаның бас барлау қызметі Ресей оккупациялаған аймақтарға Солтүстік Кореядан санаулы әскерилер келгенін мәлімдеген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?