Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Рейтингтен шығарылды»: Шавкат Рахмонов жайында ақпарат шықты (ФОТО)

17:52, 03 ақпан 2026

Қазақстандық кәсіпқой спортшы Шавкат Рахмонов UFC ұйымының жартылай орта салмақ дәрежесіндегі үздіктер тізімінен шығарылды, деп жазады Alash.kz. 

Бұған дейін отандасымыз аталған рейтингте екінші сатыға жайғасқан болатын.

Рейтингтегі бұл өзгеріске спортшының денсаулығына байланысты жаттығудан біраз уақытқа қол үзгені себеп болды. Осыдан бірнеше күн бұрын Шавкат Рахмонов аяғына хирургиялық ота жасатқанын және толық айыққанша октагонға оралмайтынын ресми түрде мәлімдеген еді. Сәйкесінше, UFC шеберінің белгісіз мерзімге спорттық белсенділігін тоқтатуы оның рейтингтегі орнына тікелей әсер етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар