Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Референдум-2022: бес сағатта қазақстандықтардың 43,70%-і дауыс берді

10:25, 10 маусым 2022 169

Алматы қаласында дауыс берушілердің белсенділігі бәрінен төмен




Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдумда тұрғындардың 43,70%-і проценті дауыс берді.









"Өңірлердегі аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республикалық референдумда дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 43,70%-і бюллетень алды", - деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.










Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Қарағанды облысы белсенділік танытуда. Алматы қаласында дауыс берушілердің белсенділігі бәрінен төмен. Сағат 10.00-де республика бойынша тізімдегілердің 28,59 проценті дауыс берген болатын. Қазақстандықтар он мыңнан астам учаскеде дауыс беріп жатыр.



Референдум учаскелері елдің басым бөлігінде астана уақытымен таңғы сағат жетіде, ал бес өңірде уақыт белдеуіне байланысты бір сағатқа кеш ашылды. Елордадағы сайлау учаскелерінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та өз таңдауын жасады. Сонымен қатар сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, министрлер мен әкімдер де дауыс берді.



Айта кетері, республикалық референдумда 11,7 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы. Заң бойынша, референдум өткізілген болып саналуы үшін сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге тиіс.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар