Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызым шетел азаматтарының қолынан қаза тапты: Ақнәрдің анасы іске қатысты мәлімдеме жасады

19:00, 02 маусым 2025 665

Марқұм Ақнәрдің анасы қызының қаза тапқаны туралы тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды ALASH.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Хамит қайғылы оқиғадан соң қыздардың бірі Қазақстан азаматтығын алғанын айтты.

– Бұл оқиға басталғалы бері мен қызымның ар-намысы үшін күресіп келемін. Қаншама заңды өзім оқып, іздендім. Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс, прокурорлардың өкілеттігі туралы заң – бәрін қарап шықтым. Себебі әрбір шағымыма жауап келгенде, олар белгілі бір баптарды негізге алады. Сонымен қатар, шетел азаматтарының Қазақстан аумағындағы құқықтық мәртебесін де зерттедім, – дейді анасы.

Оның айтуынша, шетел азаматтарының құқықтары Қазақстан азаматтарына қарағанда шектеулі болуы тиіс. Гүлістан Хамит «олар Қазақстан аумағында қылмыс жасамауға тиіс еді» деп есептейді. Осыған байланысты «шетелдік азаматтар неге елімізде еркін жүр?» деген сұрақ қойғанын айтады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар