12 ақпан күні сағат 15.00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық амбулаторияға 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.
«Аталған дерек бойынша тергеу басталып, қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.
Фото: Pixabay