Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылорда облысында адвокат мектеп есепшілерін қорқытып, ақша талап еткен

11:41, 02 ақпан 2024 362
Адвокат О.Курбановқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тергеу органымен ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2)-тармағымен айып тағылды (ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында қорқытып алушылық).

Осылайша, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол аталған жағдайға дейін бірнеше рет ірі мөлшерде мүлікті мәжбүрлі түрде талап еткен. Егер талап орындалмайтын болса, мәліметтерді жариялайтынын айтып, қорқытқан.
«Адвокат О.Курбанов 13 мектептің және аудандық білім бөлімінің бас есепшілерінен 6 млн 900 мың теңге талап етіп, бермеген жағдайда облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арызданатындығын, одан әрі қылмыстық іс қозғалатындығын, салдарынан ауданның абыройы түсіретіндігін алға тартқан», – делінген хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар