Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылорда әкімдігі жөнделген көшеге 1,2 млрд теңгеге конкурс жариялаған

19:02, 11 маусым 2025 235
Қазақстанның қаншама облыс, аймақтарында ешқашан жөндеу көрмеген жол, көше бар. Ал Қызылорда жөнделген жолға миллиардтаған қаржы бөліп отыр, деп жазады Alash.KZ.
 
«Қала әкімдігі 1,4 млрд теңгеге қала көшелерін жөндеуге жарияланған конкурста бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген көшені енгізген. Осы тектес, жұмыстар орны мен көлемі нақты көрсетілмеген жобалау-сметалық құжаттама негізінде көшелерді күрделі жөндеуге 1,2 млрд теңгеге, сондай-ақ қала көшелерін жыл көлемінде санитарлық тазалау жұмыстары шартқа сәйкес жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, қосымша тазалау жұмыстары үшін 223,2 млн теңгеге негізсіз мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған», - делінген хабарламада.

Енгізілген қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 2,8 млрд теңгеге 3 конкурстың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 128