Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылжар автобусында ер адам 12 жастағы оқушы қызға тұра ұмтылып, бетінен ұрып жіберді (ВИДЕО)

16:17, 04 қазан 2025 205

3 қазан күні кешке Петропавлдағы №2 шағын автобуста оқыс оқиға болды. Екі мас адам ызаланып, тосын әрекет етіп, жолаушыларға кедергі келтірген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, мектепте оқитын 12 жастағы қыз оларға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде ер адамдардың бірі қызды бетінен ұрған.

Күдікті жедел ұсталып, полицияға жеткізілді. Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар