Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызғылт шорты”: Асылхан Төлеповтің спектакльдегі биі елді шулатты (ВИДЕО)

19:35, 11 шілде 2025 198

Танымал актер Асылхан Төлеповтің қысқа қызғылт шортымен сахнада билеген биі елді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Желіні жарған би Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының “Махаббат бар ма?” қойылымының бір сахнасынан алынған. Музыкалық комедия жанрындағы спектакльде Асылхан Төлепов жас қыздармен көңіл көтеретін отбасылы азаматтың рөлін сомдаған. 



(TikTok желісінен алынған) 

Желі қолданушылары үнемі салмақты рөлдерде көріп үйренген актерді танымай қалғандарын жасырмады:

Сартай батыр ма мынау?!

Дұрыс, актер болғасын ойнауы керек.

Актердің 30-дан асқанын ескеріп, ширақ қимылына тәнті болғандар да бар:

Қартаюды ұмытып кеткен бе? 15 жыл бұрын осындай еді… 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар