Кеше, 16 желтоқсан күні 18 жастағы қыздың жұмыстан кейін үйіне оралмауы оның туыстарын шұғыл іздеу шараларын бастауға мәжбүрледі, деп хабарлайды Alash.kz Немолчи.кз-ге сілтеме жасап.
Сол уақытта үйде қалған оның кішкентай сіңлісі сырттан келіп жатқан дыбысты естіп, ес-түссіз жатқан әпкесін тауып алған.
Қыз ауыр соққыға жығылған, денесі кір-қожалақ, шаштары адам төзгісіз күйде болған.
Қыздың айтуынша, оның танысы оған кола ұсынған, ол бар болғаны бір-екі жұтым ішкен соң есінен танып қалған.
Алкогольдік ішімдіктің иісі болмаған, бірақ жәбірленуші есінен айырылған күйде, шок жағдайында болған.
Полицияның әрекеті ерекше алаңдаушылық тудырды. Құқық қорғау органдары «Сен өзің оның көлігіне отырғансың» деген сөздер айтып, кінәні жәбірленушінің өзіне аударған.
Қыздың туыстары іс бойынша әділ тергеу жүргізілмей, күдіктінің жауапкершіліктен сытылып кетуінен қорқуда. Сонымен қатар, бұл жағдайға бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін деген болжам да айтылуда. Бірақ қазірге дейін қажетті сараптамалар жасалмай, биоматериалдар алынбаған.
Қылмыс жасады деген күдікке ілінген азамат бостандықта жүр және әлі күнге дейін қамауға алынбаған.
Құқық қорғау органдарының жәбірленушіні РОВД-да ұстауы, тіпті оны беттестіруге мәжбүрлеуі заңға қайшы әрі моральдық тұрғыдан ақтауға келмейтін әрекет.
Қыздың ауыр физикалық және психологиялық шокта болғанына қарамастан, оны бірнеше сағат бойы полиция бөлімшесінде ұстау және конвой жіберемін деп қоқан-лоқы көрсету жағдайды одан әрі ушықтырады.
Бұл оқиғаға қатысты әділ тергеу жүргізіліп, күдіктілер жауапқа тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдарының іс-әрекеті қатаң тексеріліп, жәбірленушінің құқығын бұзу фактілері бойынша шара қолданылуы қажет.