Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қыздардың бәрі жүгірді…»: Мейрамбек Беспаевтың жары алғаш қалай танысқандарын айтты

19:00, 26 қазан 2026

Әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Махаббат Беспаева жұбайымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның айтуынша, екеуі 2002 жылы Республика сарайында өткен концерттен кейін танысқан. Сол кезде Мейрамбек Беспаев көпшілік арасынан Махаббатты байқап, оны бірге суретке түсуге шақырған.

«2002 жылы Республика сарайында таныстық. Олар концерт беріп болды. Қыздардың бәрі суретке түсеміз деп жүгірді. Мен болсам: “Кім? Неге жүгіріп жатыр?” деп қарап тұрмын. Сол кезде Мейрамбек мені байқап қалған. “Ана қыз неге суретке түсуге келмей тұр? Шақырыңдар”, – деді. Мен де “Жарайды, түсе салайын” дедім. Таныстығымыз солай басталды», – деді Махаббат Беспаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар