Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғыз депутаты Қазақстанның қысым жасап отырғанын айтты

06:40, 09 ақпан 2024 308
Қазақстанда Қырғызстанның жүргізуші куәлігін пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы бүгін, 8 ақпанда Жоғарғы Кеңес отырысында депутат Эмиль Тоқташев айтты.

Депутат өзіне Қазақстанда жұмыс істейтін қырғыз азаматтары жүгінгенін, өтініште Қазақстан билігі уақытша тұруға рұқсат берген Қырғызстан азаматтарына Қырғызстанның мемлекеттік нөмірлері бар жеке көліктерді жүргізуге тыйым салынғаны, сақтандыру полистері берілмейтіні жазылғанын атап өтті. Жол қызметкерлері тексеріс жасап, көліктерге айыппұл салып, автотұраққа алып кеткен.

Хатта Қазақстанның жүргізуші куәлігін мәжбүрлеп алғызып жатқаны да жазылған.

Тоқташев мұндай шектеудің халықаралық құжаттарға сәйкес келмейтінін айтып, Президент пен Министрлер кабинетінің Жоғары Кеңестегі өкілінен мәселені шешуді сұрады.
«Олар бұл мәселе бойынша Қырғызстан елшілігіне бірнеше рет жүгінген, бірақ жауап болған жоқ», - деді депутат.

Ол бұған дейін мұндай мәселе Ресейде болғанын, алайда, мәселе шешілгенін атап өтіп, «біржақты қысым бар», - деді Тоқташев.

 Фото: Қырғыз Жоғары Кеңесінің баспасөз қызметі  
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар