Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қымбатшылық қысып барады

09:37, 07 қараша 2022 147
Қазақстанда бір жылда ұн 45 пайыз қымбаттады деп хабарлайды Zakon.kz. Ал азық-түлік инфляциясы 10 айда 20,5 пайызға жеткен.

Басылым ақпаратына қарағанда, сарапшылар жыл басынан қазанның аяғына дейінгі аралықта ұн 41,3 пайыз қымбаттап антирекорд жасағанын айтып отыр. 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 44,3 пайыз өскен. Бір айда ұн 1,2 пайыз қымбаттапты.

Бұған дейін дәл мұндай антирекорд 2012 жылы болған. Ол кезде ұн бір жылда 5,6 пайыз қымбаттаған.

Жоғары сортты ұн бәрінен Астанада қымбат – 447 теңге, Ақтауда – 411 теңге, Шымкентте 406 теңге.

Сарапшылар 10 айдағы азық-түлік инфляциясы 20,5 пайызға жеткенін айтады.

Қазан айының қорытындысы бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,8 пайыз өскен. Жұмыртқа 7,6 пайыз, ұн 3,9 пайыз, күріш 3 пайыз, сүт 2,2 пайыз қымбаттаған. Өткен апта ішінде сәбіз (0,8 пайыз), картоп (0,6 пайыз), қант пен қырықабат (0,1 пайыз) аздап арзандағаны байқалған.

Өткен аптада ұлттық статистика бюросының сайты Қазақстанда қазан айында инфляция 18,8 пайызға жеткенін, қазан айында баға 1,6 пайыз өскені туралы мәлімет жариялаған.

Мұның алдында Қазақстан ұлттық банкі қыркүйекте жылдық инфляция 17,7 пайыздан артып, күткендегі болжамдардан айтарлықтай асып кеткенін мәлімдеп, жылдық базалық ставканы 16 пайызға көтерген.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?