Курск облысында КХДР-дың 300-ден астам әскери қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Арнайы қызметтердің мәліметінше, КХДР әскери тобындағы жалпы шығындар шамамен 3 мың адамды құрайды, оның ішінде 2700-і жараланған.
Желтоқсан айында Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Курск облысында КХДР-дың 100 жауынгері қаза тауып, шамамен мың адамы жараланғанын мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ, мекеме Украина президенті Владимир Зеленскийдің бұған дейін айтқан екі солтүстіккореялық сарбаздың тұтқынға алынғанын растады. Олардың мәліметінше, бұл екі сарбаз КХДР-дың Бас барлау басқармасында қызмет еткен.
Жақында Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қарулы Күштері Курск облысында тұтқынға алған КХДР-дың екі жауынгерінің жауап алыну сәтінің бейнематериалын жариялады.
Тұтқындардың бірінің Тува тұрғыны Антонин Аранчын есімді адамға тиесілі әскери билеті табылған. BBC осыған байланысты Ресейдің Солтүстік Корея сарбаздарының соғысқа қатысу фактісін жасырып, оларға жалған жеке куәліктер беріп жатқаны туралы ақпаратты атап өтті.
Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі украиналықтардың КХДР-дың екі сарбазын тұтқынға алғанын растады.
Кеше кешкі үндеуінде Зеленский Киевтің КХДР лидері Ким Чен Ынға тұтқынға алынған солтүстіккореялық сарбаздарды Украина сарбаздарына айырбастау үшін беруге дайын екенін мәлімдеді.
Украина президенті тұтқындардың жауап алыну сәтінің бейнематериалын да жариялады. Онда тұтқындардың бірі Украинаға қарсы соғысқа бара жатқанын білмегенін, командирлерінің бұл тек жаттығу екенін айтқанын жеткізді. Ал екінші сарбаз отбасымен байланысы жоқ екенін, отбасы оның қайда екенін білмейтінін айтты. Сұраққа олар КХДР-ға қайтқысы келе ме дегенде, бірі келіссе, екіншісі Украинада өмір сүргісі келетінін мәлімдеген.
Батыс барлауының деректеріне сәйкес, КХДР-дан Ресейге соғысқа қатысу үшін шамамен 10 мың әскери келуі мүмкін. Олардың шығындары жүздеген, тіпті мыңдаған адамға жетуі ықтимал, бірақ бұл сандарға тәуелсіз дәлел жоқ. Зеленскийдің айтуынша, «Ресей және КХДР сарбаздары жараланғандарды, әдет