Таиланд үкіметі құмар ойындар мен казиноларды заңдастыруға бағытталған заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Alash.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр Паетонгтарн Чинаваттың айтуынша, бұл қадам туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестицияларды тартуға бағытталған.
"Заңдастыру қоғамды қорғау құралы ғана емес, сонымен қатар бюджет кірістерін арттырудың көзіне айналады", – деді Паетонгтарн ханым.
Үкіметтің жоспарына сәйкес, парламентке ұсынылатын заң жобасы құмар ойындарды ірі ойын-сауық кешендерінде ұйымдастыруды қарастырады.