Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сандалбай, еркектотай-шолжаңдар!: Пайғамбарды қазақ қылып, тарихты бейшара еткендер көп - ӘЛІМҒАЗЫ ДӘУЛЕТХАН

11:00, 13 қаңтар 2025 294

Тарихшы Әлімғазы Дәулетхан ұлтқа ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

«Бұл туралы ол «Qasqa Jol» ютуб подкастында берген сұхбатында айтты.

«Біздің 30 жылдан бергі тарих, қоғамдық ғылымдар саласындағы бетімен кеткен жабайы тарих, жоқтан бар жасаған, жалған ақша шығарған адам қалай қылмыскер болса, жалған тарих жасаған адам – сондай қылмыскер» деген девизді алғаш айтқан менмін. Неге? Тарихты бұрмалағанымыз сонша, 1993 жылғы Өмірбек Байгелді сенатордың алғысөзімен «Сахнама» деген кітап шықты. Бұл кітапты оқысаң жаның түршігеді.

Пайғамбардың бәрі қазақ екен, Құран қазақ тілінде түсіпті. Құддыс деген пайғамбар қазақ екен. Оның ішінде үйсіндерден, Жетісудың адамдары екен. Соны арабтар пайдаланып кетіпті. Мұхаммед пайғамбар қазақтардан ұрлық қылыпты-мыс... Міне, содан кейін барып 10-15 мың жылдың алдындағы талай пайғамбар осы жерден (Жетісудан) шыққан екен. Сол кітапты жазуды Бүркітбаев деген боксшыға тапсырып, сол жазыпты. Ол жазған кітапқа алғысөзді Өмірбек Байгелді жазған. Бұған қайран қалдым. Мыналар не боп кетті?», - деді Әлімғазы Дәулетхан.

«Әңгіме осында. Шыңғысханды қоңыраттар қоңырат қылып алды. Медаль таратып, өздерінше ескерткіш орнатты. Сөйтіп тарих бұрмаланды. Біздің тарих  – әбден тәлкекке ұшыраған тарих. Патша, Совет заманындағы тарихты айтпағанда, 30 жылда біздің тарих – ең бейшара тарих, ең надандардың қолындағы тарих болды. Неге десеңіз? Мен бұлай тарихты бұрмалаушыларды – әуейе тарихшылар деймін. Мұның мағынасы – сандалбайлар, еркетотай-шолжаңдар. Бұлардың ешқайсысында тарихи білім жоқ», - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар