Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман хатын жариялады. Ол өзінің күйеуінен көрген қорлығын жазып, көмектесуін өтінген, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы инстаграм парақшасында мәлімдеді.
“Ардақты ағайын таяу күнде менің инста парақшама дәл осындай хат келді, сіздерге оқып берейін. Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданы Қазақстан ауданынан жазып отырмын. Осы уақытқа дейін әпкем таяқтан көз ашпаған, жездем ұрған, соққан, ауыраяқ кезінде ішінен басқан, шыдамағанынан машинадан секіріп кеткен. Пышақтаған, темекімен күйдірген. Күйеуі үйін өртеген. Әйеліне қатысты дүниенің бәрін қиратып өртеген. Жақындарымен арластырмай, әжетханаға да сұранып шығады. Телефонын тартып алады сол үшін азапталған күндерінің дәлелі жоқ. Әпкемнің алты баласы бар, және жетіншісіне аяғы ауыр”,- деп жазды ол.