Солтүстік Қазақстан облысында әйел адамның айуандықпен өлтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhyсайтына сілтеме жасап.
Кісі өлтіру туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі «Петропавлск» парақшасында жарияланды.
Есіл ауданындағы Явленка ауылында басы мен мойнынан пышақ жарақатын алған әйел адамның мәйіті табылды.
Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні таңертең 1969 жылы туған марқұм тұратын жалдамалы үйдің жанында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс мас күйінде және жанжал салдарынан болған. Айғақты зат ретінде екі балта алынды. Оның үстіне екі күдікті де бұрын сотты болған.
Ақпаратқа Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«11 қаңтарда шамамен сағат 08:30-да Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының орталығы Явленкеден зорлықпен өлтірілген 56 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 59 және 29 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полиция.