Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына кіріп кетіп, кішкентай баланы қағып кетті. Бұл туралы Alash kz і inAktau сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Жол-көлік оқиғасы 29 шағын ауданда 22 үйдің жанында болды. Hyundai Accent маркалы автокөлік Мерседеспен соқтығысқан. Инерция салдарынан балалар ойын алаңына кіріп кеткен.
Қазіргі уақытта зардап шеккен бала балалар ауруханасына жеткізілді.
«Осы факті бойынша Мерседес автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады полиция.