Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелім аяғын көтеріп қойып жатады, не істесе де өзі біледі - Тұрар Ыдырыс

20:05, 12 қаңтар 2025 961

Әнші Тұрар Ыдырыс жеке өмірі туралы сұхбат беріп, өзінің ұстанымын жеткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Мен үйдегілерге айтып қойғанмын: «Менің әйеліме ештеңе демейсіңдер. Ол жатады, боянады, не істейді, өзі біледі» деп айтқанмын. Сондықтан менің әйелім аяғын көтеріп қойып жатады. Біріншіден, ол менің әйелім. Ол – келін емес, алдымен менің жұбайым. Егер сен әпкелеріңнің, әке-шешеңнің айтқанымен жүретін болсаң, үйленбе. Көлік алғанда әкеңмен, куртка алғанда анаңмен ақылдасып жүрсең, үйленбе. Ананың, әпкенің араласуы содан болады. Ал сен дайын болып үйлендің бе, туыстарың сенің құрған отбасыңа мүлдем араласпауы керек қой», – деді Тұрар Ыдырыс YouTube-тегі «Сыр» жобасына берген сұхбатында.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар