Әлеуметтік желіде әйел адамның күйеуіне екінші әйел сыйлағаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Видеода екінші әйелді той үстінде қорапқа салып бергенін көруге болады. Әйел адамның күйеуін разы етемін деген әрекеті қоғам тарапынан ауыр сынға ұшырады.
«Біреудің қызы зат па, не? Оны сыйлайтын. Бетімен кеткен заман болды ғой», «Қазақстанда құлдық деген бар ма не? Сыйлады деген не сөз ол?», «Пранк деп үміттенемін. Егер шын болса орта ғасырға қайта келіп жатырмыз деген сөз», «Ұят-ай», «Мұндайға өмірімде келіспеспін», - деп жазды желі қолданушылары.