76 жастағы кеңестік және ресейлік тележүргізуші Юрий Николаев сынықтан кейін жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Mash Telegram-арнасының мәліметінше, Ресейдің халық әртісі, «Таңғы жұлдыз» бағдарламасының жүргізушісі, үйінде құлап, ауруханаға түскен.
Ол жиһазға сүрініп, құлау салдарынан жамбас сүйегін сындырған.
Клиникада Николаевқа шұғыл ота жасалды. Жасына және денсаулығының әлсіздігіне байланысты ол екі күн жансақтау бөлімінде болған.
Қазіргі уақытта Николаев қарапайым палатада жатыр. Хабарламада тележүргізушінің өкпе қатерлі ісігінен емделіп жатқаны да атап өтілген.
Бұған дейін актер Михаил Боярскийдің жүректің ишемиялық ауруына байланысты шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді.